Құдалық кезінде Димашқа әкесінің досы төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Сурет: Instagram/abilovva_m
Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен мен белгілі блогер, модель әрі әнші Мерей Әбілованың мұсылмандық жолмен некелерін қиғаны туралы ақпарат алдында жария болған. Бүгіндері екі тарап құдалық рәсімін атқаруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мерей Әбілова құдалықтан кейін Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісуі кезінде белгілі болды (құдалық алдымен қыз жақта, одан кейін күйеу бала жақта өткен).

"Бізге әкемнің досы (қайын ата) төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды ол.

Блогер сыйлық сертификатын да сторисіне жүктеген.

Онда: "Құрметті Дінмұхамед және Мерей. Сіздерді Belle view резиденциясынан пәтерлеріңізбен құттықтаймын. 4 бөлмелі пәтер. 171 шаршы метр", деп жазылған.

Айта кетсек, 2023 жылы қыркүйек айында Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен желідегі парақшасында қалыңдығы - блогер, модель әрі әнші Мерей Әбіловамен мешітте түскен суреттерін жариялаған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы