Биылғы Букер сыйлығын ирландиялық жазушы Пол Линч жеңіп алды

Сурет: Wikimedia Commons
Ирландия жазушысы Пол Линчке Букер сыйлығы "Пайғамбар әні" (Prophet Song) романы үшін берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман желісі Дублинде өтеді, онда "жаңа әлем" мен қалыптасқан демократиялық нормаларды бұза-жара келе жатқан фашизм алдында отбасын сақтап қалуға тырысқан зерттеуші және төрт баланың анасы Айлиш Стактің өмірі баяндалады, деп жазды BBC.

Пол Линч 1977 жылы Ирландияның оңтүстік-батысындағы Лимерик қаласында дүниеге келген. Ол қазір Дублинде тұрады.

Линч жазушылық мансабын 2013 жылы бастаған, оған дейін Sunday Tribune және Sunday Times газеттерінің киносыншысы болған.

Линчтің алғашқы романы Red Sky in Morning деп аталады.

Биылғы Букер сыйлығын ұтып алған "Пайғамбар әні"  жазушының бесінші романы. Жазушының сөзінше, романды ұлы дүниеге келмей тұрып бастап, велосипед тебуді үйренген кезде тәмамдаған. Линчтің өзі мойындағандай, кітап оңай жазыла қоймаған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды