"Ақталғаным емес". Танымал әнші Әблязовпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/kydyrali_bolman
Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде тараған Мұхтар Әблязовпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, желіде жарияланған Болмановтың жас кезіндегі суреті екенін аңғару қиын емес. Өзі де бұл суретке 25 жыл болғанын айтады.

"...Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер мен білім саласының үздіктері болып, марапатталып еді. Сарапшылар алқасы Төрегелді Шарманов, Ақселеу Сейдімбек, Қадыр Мырза Әлі болатын. "Ұлытау" тобы да “Тарлан” сыйлығын алып еді. Сол кезде естелік фотоға түскеніміз бар. Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да, әңгімелесіп те көрген емеспін" деп жазады Қыдырәлі Болманов Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ ол бұл ақталуға жатпайтынын баса атап өтіпті.

"...Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным", – депті өнер иесі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі