Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы келді

Сурет: instagram.com/abay.kaz.ntob
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры директорының міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Көпбасарова тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа басшыны театр ұжымына мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырды.

Опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов ұжым атынан Айнұр Көпбасарованың алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айнұр Көпбасарова 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

Ол əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдаған.

Айнұр Көпбасарова бұған дейін 2022 жылғы тамыздан бастап Түркістан музыкалық драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

"Бөрте" тарихи-драмалық спектаклінің, "Фариза" драмалық спектаклінің, "Махаббат мұнарасы" лирикалық драмасының, "Қорқыт туралы аңыз" спектаклінің бас продюсері болды.

Ол бұған дейін "Хабар" агенттігі АҚ  бас продюсері, бас редакторы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы қызметтерін де атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады