Қазақстанда қимақ қорғандары жаңа әдіспен зерттеліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Павлодарлық археологтар қимақ қорғандарынан табылған көне жәдігерлерді энтомологтардың көмегімен зерттеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл әдіс алғаш рет қолға алынды. Мамандар ежелгі жәндіктер арқылы көне зираттың қай уақытта пайда болғанын анықтайды. Археологтар соңғы жылдары ескі қорғаннан табылған сүйектерді жатқан орнымен бірге қазып алатын болған. Себебі топырақ құрамында көптеген ағзалардың қаңқасы сақталады. Бұрын оның қосымша дереккөзі болатынына мән берілмеген, деп хабарлайды 24kz.

"Қазба жұмыстары кезінде көне жәндіктердің көптеген қалдықтары табылды. Бізге қимақ қағанатын зерттеуде алғаш рет ғылыми ақпарат алуға мүмкіндік туды. Зоология институтының мамандары Павлодарға арнайы келді.  Энтомологтарды жәндіктердің жақсы сақталған экзоскелеті қызықтырып отыр".Археологиялық зерттеулер институтының директоры Тимур Смағұлов
"Жәндіктердің қалдықтарын зерттей келе, олардың түрін анықтай аламыз. Осы ақпаратты пайдалана отырып, бұл адам жылдың қай мезгілінде, қай маусымда жерленгенін білуге болады. Яғни, бұл – археологтар үшін керек ақпарат көзі". Зоология институтының ғылыми қызметкері Сергей Титов

Археологтар Байдалы ауылына жақын орналасқан қорғанды 2016 жылы тапқан. Қимақ күймесі Алматы қаласында танымал реставратор Қырым Алтынбековтың жетекшілігімен қалпына келтіріліп жатыр.

"Осы күйменің астында жатқан, міне, қазір осы жерлеудің басы көрініп тұр. Күйменің астында 2 адам жерленген. Біреуі жасы үлкенірек кісі болған. Бас жағында ер-тоқымы орналасқан. Екіншісі – кішкене жастау адам". Ә. Марғұлан атындағы университеттің ғылыми қызметкері Асқар Әбілдин

Осылайша, ғалымдар қимақ қағанатының құпиясын ашуға мүдделі. Аз уақытта алғашқы зерттеу нәтижелері белгілі болады. Археологтар үшін жәдігерлердің кай кезеңге тиесілі екенін білу маңызды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі