Әлемдік жұлдыз Зендея жаңа фильмнің түсірілімінен қанша табыс тапты

Сурет: Instagram/zendaya
Зендеяның 26 сәуірде әлемдік премьерасы болатын жаңа "үміткерлер" фильмінде түсірілім үшін алған сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмде Зендея басты рөлді ойнады, сонымен қоса жобаның продюсері. Жарық жұлдыздың бұл жолғы табысы, 10 миллион долларға пара-пар белгіленіпті.

Актриса фильмнің бұрынғы жобалардан ерекше екенін атап өтті. Оған бірден-бір себеп, танымал жұлдыздың туындыда жетілген әйел рөлін сомдауы.

"Мен 16 жасымнан бастап 16 жасар балаларды ойнаймын. Енді бала емес кейіпкердің рөлін ойнау өте жақсы болды. Мен әлі бастан өткермеген өмір сәттерін ойнау да қызықты болды. Мысалы, ол үйленбеген немесе бала көтерген жоқ".Зендея

Сонымен қатар, актриса туындының арқасында теннисті жақсы біле бастағанын және осы спорт түрімен айналысқысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, сыншылардың пікірінше, спорттық комедияны көргеннен кейін, тіпті спорттан алыс көрермен тағы да танымалдылықтың тағы бір толқынын бастан өткеріп жатқан теннис әлеміне енеді.

Айта кетейік, 7 сәуірде Париждегі премьерасында Зендея жанкүйері берген круассанды жеуден бас тартқаны үшін сынға іліккен болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі