Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен бірге түскен суретін жариялады

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бүгін, 2024 жылдың 4 шілдесінде Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай Төреағасымен кездесуден түскен суретті жариялап, Астанада маңызды қонақтардың алдында өнер көрсеткені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Достар! Кеше мен көршілес елдер – Қытай мен Қазақстан басшыларының алдында өнер көрсеттім. Аспан асты елінің әрбір тұрғыны үшін маңызды болып табылатын "Жасмин гүлі" әнін қытай тілінде орындадым. Си Цзиньпин мырзаға менің шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіріп, құрметпен қарайтыны үшін алғыс айтамын". Димаш Құдайберген

Комментаторлар құттықтауларын жаудырды:

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен 2024 жылдың 2 шілдесінде келген болатын. Оны әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін