Бүгін - "Мың бір мақал" кітабы авторының туған күні

Сурет: unsplash
2024 жылы 13 қыркүйекте қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы Ахмет Баржақсиннің туғанына 130 толады. Қаламгер қазақтың 1 710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет "Мың бір мақал" кітабын қазақ-орыс тілдерінде жарыққа шығарған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаламгердің оқу-ағарту, мәдениет мәселелері, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа", "Үш жүз" газеттерінде, "Айқап" журналында басылды.

Ол аудармашылықпен, ауыз әдебиетін жинаумен айналысты. Л.Толстойдың бірнеше әңгімесін қазақшаға аударып, "Айқап" журналында жариялады.

 "Ертерек білсең жасырма" атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының "Жазбаларында" жарық көрді. 1927 жылы "Елге шаруа кооперативі ісінің қайсысы қолайлы", "Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек" деген кітапшалары да жарық көрді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды