Қазақстан Президентінің жарлығымен ақын Исраил Сапарбайға "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берілді.
"Қазақстанның халық әртісі" атағына театр әртістері Жәмиля Баспақова, Ольга Коржева, Лидия Кәден және Рихан Махпирова ие болды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы Татьяна Костюченкоға, Марзия Мамидолдинаға, Сафуан Рысбайұлына, Сергей Поповқа, Ажар Юсуповаға және Олег Татамировқа берілді.
Сонымен қатар бірқатар азаматтар "Парасат", "Құрмет" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.