Қазақстандық әнші жеделсатыда ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

Сурет: Instagram/zholdasbek_abdikhanov
Қазақстандық әнші Жолдасбек Абдиханов жеделсатыда ауыр жарақат алып, аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға жайлы әншінің көмекшісі 2025 жылғы 1 шілдеде мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 25 маусымда көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкініс болған. Бір сәттік соққыдан әншінің мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

"Алғашқы диагноз – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Бұл – жеңіл жарақат емес. Қозғала алмауы, бас айналуы, сөйлеу қиындықтары бар.Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді",- деп жазды әншінің көмекшісі.

Ол осыған байланысты барлық шығармашылық жұмыстар уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін – баршаңыздан кешірім сұраймыз",- деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Төреғали Төреәлінің мансабын аяқтауға бел буғандығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін