"Әлемдік деңгейде өтті!": Мирас Жүгінісовтың Алматыдағы концерті желіде қызу талқылануда

Сурет: Instagram/zhugunussov.mj
25 жастағы қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов Алматының Орталық стадионында 2025 жылдың 11 қазанында үлкен концерт өткізді. Бірқатар хит әндердің орындаушысы уәдесінде тұрып, жанкүйерлерге жарқын атмосфера мен жағымды эмоциялар сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда оның музыкалық кеші 7 қыркүйектке жоспарланған болатын. Алайда, бір апта ішінде концерт тоқтатылды. Оған себеп – "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчы. Дегенмен, көп ұзамай әнші жақсы жаңалықпен қайта оралып, концерттің 11 қазанда өтетінін мәлімдеді.

Осылайша, өнер иесі 12 қазаннан бастап желіге музыкалық кештің жарқын сәттерін жүктей бастады.

"Орталық стадионның атмосферасы!",- деп жазылған жазбалардың бірінде.

Бұл ретте, жанкүйерлер кештің әуезінен әлі шыға алмай жүргендерін жарыса жазды.

Бұған дейін Мексикалық БАҚ-тың Димаш Құдайбергеннің концерті жайында жарыса жазуда екенін хабарлағанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды