Фильмдер мен сериалдарды интернетсіз қалай көруге болады
Сурет: MEGOGO
Ол қалай жұмыс істейді?
Барлығы өте қарапайым: MEGOGO қосымшасынан фильмді, сүйікті сериалыңыздың бөлімін немесе аудиокітапты таңдап, мобильді құрылғыңызға жүктеп алыңыз – сонда контент офлайн режимде қолжетімді болады. Ең бастысы – интернет бар кезде, алдын ала қамдану.
Ұшақта, пойызда немесе автобуста тұрақты интернет әрдайым бола бермейді. Ал Қазақстанның кейбір өңірлерінде мобильді байланыс әлсіз болуы немесе мүлдем үзіліп кетуі мүмкін. MEGOGO-ның офлайн режимі байланыс сапасына тәуелді болмауға көмектеседі: жол үстінде кино көруге, ұшу кезінде сериалды жалғастыруға немесе терезе алдындағы көріністерге көз тастап, аудиокітап тыңдауға болады.
Контентті көңіл-күйіңізге қарай таңдаңыз: ұзақ сапарға қызықты триллер, қысқа ұшуға жеңіл комедия немесе жайлы саяхат үшін аудиокітап. Кейін желі іздеп әуре болмау және жүктелуін күтіп уақыт жоғалтпау үшін барлығын алдын ала дайындап алған жөн.
Жолға нені жүктеп алуға болады: MEGOGO-дағы туындылар жинағы
Кез келген көңіл-күйге арналған кинохиттер:
- "Пчеловод" және "Мастер" — жолдың қалай өткенін байқатпайтын қарқынды криминалды экшн-фильмдер.
- "Великий Гэтсби" және "Дьявол носит Prada" — эстетика, стиль және кешкі көңіл-күй үшін таптырмас таңдау.
- "Гарри Поттер" немесе "Хроники Нарнии" — ұзақ ұшу кезінде балаларды бірнеше сағатқа баурап алатын мінсіз нұсқа.
Алғашқы бөлімінен-ақ баурап алатын сериалдар:
- "Игра престолов" — ауқымды шайқастары мен сарай интригалары бар, тіпті еліміздің бір шетінен екінші шетіне дейінгі ең ұзақ сапарға да жететін танымал фэнтези-сага.
- "Менталист" — Патрик Джейн мен қызықты детективтік тергеулер; әр сериясы бір демде көріледі.
- "Питт" — жедел жәрдем дәрігерлерінің тыныс-тіршілігі туралы, алғашқы минуттан соңына дейін шиеленісте ұстайтын шынайы әрі қарқынды медициналық драма.
Көз талған кезде тыңдайтын аудиокітаптар:
- Уақыт сынынан өткен бестселлерлер: "Самый богатый человек в Вавилоне", "Думай и богатей", Марк Аврелийдің "Наедине с собой" атты антикалық даналығы және Сунь-цзының "Искусство войны" трактаты.
- Артур Конан Дойлдың қызықты детективтік тергеулері ("Собака Баскервилей" және Шерлок Холмс туралы әңгімелер), Александр Дюманың шытырман оқиғалы романдары ("Граф Монте-Кристо", "Три мушкетёра"), Джек Лондонның тебірентерлік "Мартин Иден" шығармасы және Джордж Оруэллдің "1984" антиутопиясы.
Жақсы оқиға желі сигналына тәуелді болмауы керек. Сапарыңызды жоспарлаңыз, не көретініңізді немесе тыңдайтыныңызды таңдаңыз да, MEGOGO-мен бірге жолға шығыңыз.
Ал жолға дайындық туралы алаңдамау үшін қосымшадағы "Автожүктеу" ("Автозагрузка") функциясын қосып қойыңыз. Ол қажетті фильмдер, сериялар немесе аудиокітаптар дер кезінде қолжетімді болуы үшін сүйікті контентіңізді құрылғыға алдын ала сақтап береді. Сізге тек не көретініңізді немесе не тыңдайтыныңызды таңдау ғана қалады.
Серіктестік ақпарат