Төреғали Төрәлі дәрігерлердің қызына қойған диагнозын атады

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төрәлі қызының диагнозы туралы алғаш рет естігінде қандай күйде болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Баян Алагөзованың жобасында жүргізуші болған кезін еске алды. Ол мұны 2015 немесе 2016 жыл деп шамалайды.

"Қазақ аруы" деген жобаға жүргізуші болатын болдым. Астанада өтіп жатты. Соны Ерке екеуміз жүргізетін боламыз. Екеуміз сахнаның екі жағында дайындалып тұрмыз. Сол кезде телефоныма хабарлама келіп түседі. Ол кезде Кәусардың аты Томирис-тұғын. Азан шақырып қойған аты. "Томидың диагнозын қойды. ДЦП" деп жазып жіберіпті. Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Жаман болдым. Ол кездегі әсерді сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Хатты оқыдым, ары қарайғысы есімде жоқ. Қалай сахнаға шықтым, оны қалай жүргіздім, білмеймін... Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық болмай қалды. Мен ойлағанбай болмады ол. Мен ойлағандай болса, өмірім басқаша болар еді. Сөйтсем Алланың өз жоспары бар екен. Уақыт өте келе, қазір осы жағдайды мен Алланың сынағы емес, Алланың маған жіберген нығметі деп қабылдаймын. Қазір ол біздің үйіміздің гүлі. Алланың маған сыйлаған бақыты, байлығы - барлығы осы қызым үшін беріліп жатыр деп ойлаймын", - дейді әнші.

Төреғали Төрәлі қызына арнап ән де шығарыпты. Ән де "Кәусар" деп аталады.

Әнші 2024 жылы шілдеде алтыншы рет әке атанған болатын.

Қазақстан
Төреәлі Төреғали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін