Екінші мәрте ана атанған Альмира Тұрсын бүгінгі жай-күйі жайлы ішкі сырын ашты

Сурет: Instagram/almiratursyn
Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын екінші баласы дүниеге келгеннен кейін бастан өткеріп жүрген күйі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актриса сезімдері жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол екінші мәрте ана болуды бұрынғыдан өзгеше, сабырлы әрі саналы түрде қабылдағанын жеткізді.

"Араға 13 жыл салып, 35 жасымда ана атандым. Қазір ешқайда асықпаймын, өмірдің бір парасын жоғалту жайлы қорқыныш та жоқ",- деп жазды ол.

Сурет: Instagram/almiratursyn

Альмира қазір бала тәрбиесіне деген уақытты ерекше бағалайтынын, балалардың қаншалықты тез өсетінін білетінін айтты:

"Енді білемін: уақыт өте тез өтеді, іштің кебуі, шаншу, ұйқысыз түндер бәрі өтеді... Бұл кішкентай тәтті қол мен аяқтар да өсіп, өз жолымен жүреді", – деді ол.

Сонымен қатар, актриса әрбір сәттен ләззат алып, ана болу кезеңін бұрынғыдан сабырлы әрі саналы қабылдайтынын айтты.

Қазақстан
Тұрсын Альмира

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда