MEGOGO аудиоконтент бөлімінің қайта оралғанын хабарлады

Сурет: megogo
MEGOGO халықаралық стриминг сервисі платформаға аудиокітаптар бөлімінің оралғанын жариялады. Енді пайдаланушыларға 500-ден астам аудиокітап пен ондаған подкаст қолжетімді. Кітапхана қорында әлем әдебиетінің классикалық туындылары да, нон-фикшн жанрындағы еңбектер де бар.

Қолжетімді аудиокітаптардың қатарында "Кішкентай ханзада", "Дориан Грейдің портреті", "Ромео мен Джульетта", "Граф Монте-Кристо" сияқты танымал шығармалар бар.

Аудио бағытын түрлі жанрдағы подкастар да, лайфстайл мен бизнестен бастап, мәдениет пен технологияға дейін, толықтырып тұр Олардың ішінде "Замандас подкаст", "Quraq Podcast", "Ханкаст" және өзге де жобалар бар.

Аудиоформат пайдаланушыларға кітапты кез келген ыңғайлы уақытта – жолда, жаттығу кезінде немесе күнделікті шаруалармен айналысып жүріп тыңдауға мүмкіндік береді.

"Біз аудиоформатқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз – бұл контент тұтынудың ыңғайлы әрі табиғи тәсілі. Аудиокітаптардың оралуы – MEGOGO-ны пайдаланушы тек көріп қана қоймай, тыңдай да алатын мультиформатты платформа ретінде дамыту жолындағы тағы бір қадам", – деп атап өтті MEGOGO Қазақстанның бас директоры (CEO) Нұрлан Чукубаев.

Болашақта MEGOGO кітапхана қорын кеңейтуді және аудиоконтентті қазақ тіліне локализациялауды жоспарлап отыр. Бұл еліміздегі қалың оқырман қауым үшін сапалы кітаптардың қолжетімділігін арттыра түспек.

"Қазақ тіліндегі контентті дамыту біз үшін басым бағыт болып қала береді. Біз аудиокітаптарды білім мен әдебиетті жергілікті аудиторияға жақындата түсетін маңызды бағыт ретінде қарастырамыз", – деп толықтырды Чукубаев.

Аудиокітаптар MEGOGO мобильді қолданбасында жазылым бойынша қолжетімді және сервистің бірыңғай экожүйесіне біріктірілген.

MEGOGO сонымен қатар аудиоконтент жасаушы авторлармен және студиялармен ынтымақтастық орнатуға дайын. Сервис командасы подкаст бағыты бойынша серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастырып, қызығушылық танытқан креаторларды шақырады.

Серіктес материалы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі