Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері оның құрметіне жасаған ірі қайырымдылықтарымен әлемді таңғалдырды

Фото: Zakon.kz
Қытайлық Dears жанкүйерлер тобы Димаш Құдайбергеннің алдағы туған күніне орай оның гуманитарлық қызметін қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымы қорына 2 мың АҚШ долларынан астам көлемде қайырымдылық қаржы аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар әншінің қытайлық жанкүйерлері Димаштың 32 жасқа толуына орай RHR Shanghai Adoption Home қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған 26 760 юань (шамамен 3950 АҚШ доллары) көлемінде көмек көрсетті, деп жазды dimashnews.com.

RHR Shanghai Adoption Home — Шанхай қаласында орналасқан қаңғыбас әрі қатыгездікке ұшыраған мысықтар мен иттерді құтқарумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Ол 2012 жылы құрылған. Ұйым RHR ("Құтқару, емдеу және жаңа үй табу") қағидатын насихаттайды. Құрылған күннен бастап бұл орталық 4000-нан астам жануарды құтқарып, олардың 2000-ға жуығына жаңа иелерін табуға мүмкіндік жасаған. Ал 250-ден астам жануар ұйым қамқорлығында қалып, өздерінің жаңа иелерін күтуде.

Сурет: dimashnews.com

Ұйымның жұмысы негізінен құрылтайшының жеке қаражаты, жартылай жұмыс істейтін еріктілердің көмегі және қайырымдылық қаржылар арқылы жүзеге асырылады.

Ұйым қайырымдылық күнтізбелерін сату, брендтермен бірлескен арнайы әлеуметтік өнімдер шығару арқылы қаражат жинайды. Сонымен қатар, "Махаббат пен мейірім күні" және "Мысық жүрегінің мейірімі" секілді жануарларды асырап алуға арналған офлайн іс-шаралар ұйымдастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік полицейлері шетелдік қонақтардың Қазақстанда қауіпсіз бағдар алуына көмектесуде

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Танымал бренд жеке алтын құймаларын шығарды

Алматының орталығында жазғы алаңы бар заңсыз дәмхана сүрілді