MEGOGO 2026 жылдың I жартыжылдығында қазақстандықтардың не көргенін жариялады

Сурет: MEGOGO
MEGOGO онлайн-кинотеатры Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады.

Платформа сарапшылары пайдаланушылардың анонимді мінез-құлық деректерін зерттеп, қолданушылардың кино көру әдеттерінің картасын жасап шықты. Нәтижелер рекордтық көрсеткіштерді, сериалдық марафондарды және ел тұрғындарының мәдени талғамындағы басты үрдістерді айқындап берді.

Қайталанып көрілетін контент рейтингі

Платформадағы ең адал әрі контентті қайталап көруге бейім аудитория — күткендей-ақ, балалар (және кішкене болсын бос уақытқа мұқтаж олардың ата-аналары). Сарапшылар бір аккаунттан қайталап қосылу жиілігі бойынша медиатеканың ең өтімді контент рейтингін жасады:

Үш тәулікке созылған киномарафон: 66,7 сағат үзіліссіз көру

MEGOGO платформада плеерді өшірмей, үзіліссіз трансляция қараудың феноменалды жағдайларын тіркеді.

Қазақ тіліндегі контенттің үлесі екі есеге артты

Жылдың басты трендтерінің бірі — мемлекеттік тілдің танымалдығының қарқынды өсуі. 2025 жылдың қаңтары мен 2026 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштерді салыстыру қазақша дубляж немесе субтитрі бар қаралымдар үлесінің 2 еседен астам өскенін көрсетті.

Экрандар шайқасы: ТВ-экран смартфондарды басып озды

Адамдар тек мобильді контентке көшіп жатыр деген сөздерге қарамастан, қазақстандықтар барынша жайлылық пен кескіннің жоғары сапасын артық көреді.

Компьютерлер мен ноутбуктер үлесіне бары-жоғы 3% тиді.

Сериалдық "марафондар": "Тақтар ойынынан" дорамаларға дейін

Binge-watching индексі (көрермен бір отырғанда жобаның 3 және одан да көп бөлімін қатар көргенде) қай сериалдардың аудиторияны ең ұзақ баурап алатынын көрсетті.

Жылдың ең ұйқысыз түндері

MEGOGO-ның техникалық тобы түнгі уақытта (сағат 01:00-ден 05:00-ге дейін) экран алдына рекордтық мөлшерде қазақстандықтар жиналған күндерді анықтады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды