MEGOGO-дан отбасымен көруге арналған 10 фильм

Сурет: MEGOGO
Демалыс күнгі кеш — барлық шаруаны шетке ысырып, хош иісті шай демдеп, бүкіл отбасымен экран алдына жиналуға таптырмас уақыт.

Біз сіздерге шынайы эмоция сыйлайтын, кейіпкерлермен бірге күйзеліп-қуануға жетелейтін және өмірдегі ең маңызды құндылықтарды еске салатын фильмдерді іріктеп алдық. Көңіл күйіңізге қарай фильм таңдап, MEGOGO-мен бірге жайлы кинокештің рақатын көріңіз.

Сурет: MEGOGO

Невероятный мир глазами Энцо

Энцо есімді ит Дэннидің өміріндегі ең маңызды кезеңдердің — болашақ жарымен алғашқы кездесуінен бастап, отбасылық ауыр трагедияны еңсеруге дейінгі сәттердің куәсі болады. Бұл — шексіз адалдық туралы мейірімге толы туынды. Ол бізді жақсы көретін жандардың қолдауы қаншалықты маңызды екенін еске салып, қарап болған соң жүректе шынайы жылылық қалдырады.

Сурет: MEGOGO

Путешествия Гулливера

Қарапайым журналистік зерттеу Бермуд үшбұрышындағы кеме апатына және кішкентай өркениетпен танысуға ұласады. Гулливер екі мемлекет арасындағы нағыз соғысқа араласып кетеді, мұнда оның басты қаруы семсер емес, әзіл-оспақ, тапқырлық пен рок-н-ролл болады.

Сурет: MEGOGO

Ночь в музее

Түнгі күзетшінің нұсқаулығында: «Ешкімді кіргізбеу және ешкімді шығармау» деп жазылған. Жан біткен экспонаттар соңыңнан қуа жөнелгенше бұл өте оңай болып көрінуі мүмкін. Бен Стиллер нағыз хаосты тізгіндеу және ең болжаусыз тарихи тұлғалармен тіл табысу туралы өте күлкілі оқиғаның ортасынан бір-ақ шығады.

Сурет: MEGOGO

Кошки против собак

Сіз жұмыста жүргенде, үй жануарларыңыз нағыз тыңшылық соғыс жүргізеді. Арам ойлы Мистер Тинклс есімді мысық әлемді басып алуды армандайды, бірақ оның жолына арнайы агент-иттердің элиталық жасағы бөгет болады. Бұл — сіз жоқта үй жануарларының немен айналысатынын көрсететін өте күлкілі комедия.

Путешествие к Центру Земли

Оғаш мінезді профессор, оның жиені және батыл жолбасшы қыз жоғалған ғалымды іздеп, Исландияға аттанады. Жюль Верн романындағы тұспалдарға сүйенген олар жердің терең қойнауына түсіп кетіп, таңғажайып, ұмыт қалған әлемді ашады.

Смешанные

Балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай емес, ал оған қоса жеке өмірді реттеуге тырысу — одан да қиын. Лорен мен Джим махаббат хикаяларына нүкте қоюды ұйғарады, бірақ тағдыр оларға бірге сафариге бару түрінде күтпеген сынақ дайындайды.

Гарфилд

Жалқау, сары мысық Гарфилд лазанья мен теледидарды жаны сүйеді және дүйсенбі күндерін жек көреді. Иесі үйге өмірге құштар Оди есімді күшікті алып келгенде, оның мінсіз өмірінің асты-үсті шығады. Бірақ күшік өзінің кесірінен тығырыққа тап болғанда, бұл сары қу мысық не де болса бәрін жөндеуге бел байлайды.

Ужастики

Егер ең сұмдық қиялдарыңыз кенеттен шындыққа айналса не болады? Оғаш мінезді жазушы өзі ойлап тапқан құбыжықтарды ұзақ жылдар бойы қолжазбаларында жасырып келген, бірақ бір кездейсоқтық оларды қала көшелеріне босатып жібереді. Енді құбыжықтар нағыз хаос орнатуда, ал жағдайды құтқару Джек Блэк пен батыл жасөспірімдер тобына жүктеледі.

Черепашки-ниндзя

Нью-Йорк қылмысқа батты, ал полиция зұлым Фут кланына қарсы дәрменсіз. Құтқару күтпеген жерден келеді — кәріз жүйесінен ниндзюцу өнерін жетік меңгерген төрт мутант ағайынды шығады. Бірлесе отырып, олар ауқымды астыртын әрекеттің бетін ашып, арам ойлы қаскөйлерді тоқтатуы тиіс.

Каратэ-пацан

Өмірінен түңілген жасөспірім мен жалғызбасты шебердің жолығуы екеуінің де тағдырын түбегейлі өзгертеді. Балақайды жауынгерлік өнерге баули отырып, мистер Хан өзі де өмірге қайта қуануды және өткенмен қоштасуды үйренеді. Джеки Чан мен Джейден Смиттің керемет дуэті ойнайтын бұл жүрек тебірентерлік драма ешбір көрерменді бей-жай қалдырмайды.

Серіктестік материал

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар