Әлеуметтік желіде ақынның сахнада айтқанынан үзінді тарап, көпшілік сынына ұшыраған. Айтыс Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылының 100 жылдығына ұйымдастырылған. Ақынды айтыс әдебі мен сахна мәдениетін сақтамады деп ашық сынағандар оның бұл әрекетін "көрерменді сыйламау" деп есептеген. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай бұл шара Одақтың ресми жоспарына кірмейтінін, оны жеке кәсіпкерлер мен демеушілер ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды КТК.
Сондай-ақ бұл келеңсіздік үшін Мақсат Ақанов алдағы алты ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен шараларға қатысу құқығынан айырылғанын жеткізді.
Бұған дейін Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынғаны хабарланған.