Sabah басылымының жазуынша, музыкант жауап алу кезінде алғашқы шағымдардан кейін әнді барлық платформадан өшіргенін айтқан. Сондай-ақ ол ән мәтіндері шығармашылық қиялдың жемісі екенін және зорлық-зомбылыққа шақырмайтынын мәлімдеген.
Сот рэпердің қашып кету қаупі жоқ екенін ескеріп, оны қамауға алудан бас тартқан. Алайда оған қатысты ерекше бұлтартпау шарасын қолданған. Полицияға тұрақты түрде белгіленіп тұру және шетелге шығуға тыйым салумен қатар, рэперге түрік әдебиетіне қатысты оқу курсынан өту міндеттелген.
Бұған дейін АҚШ-тың атышулы рэпері Шон "Дидди" Комбстың (P. Diddy) басынан жарақат алғаннан кейін ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған едік. Ол Нью-Джерси штатындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.