Номинациялар саны бойынша британдық әнші Рэй көш бастады. Ол 11 аталым бойынша ұсынылған. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтында хабарланды.
Екінші орында тоғыз номинацияға ие болған испаниялық әнші Розалия тұр. Ал Элла Лэнгли, Миранда Ламберт, Оливия Родриго және Фиби Бриджерс жеті номинациядан иеленді.
Бруно Марс, Леон Томас және Оливия Дин алты марапатқа үміткер атанды.
"Жыл жазбасы" номинациясында:
- Оливия Дин – "Man I Need";
- Элла Лэнгли – "Choosin' Texas";
- Бруно Марс – "I Just Might";
- Рэй – "WHERE IS MY HUSBAND!";
- Оливия Родриго – "the cure";
- Розалия, Бьорк және Айвз Тумор – "Berghain";
- Тейлор Свифт – "The Fate of Ophelia";
- Тейм Импала және Дженни – "Dracula".
"Жыл альбомы" номинациясында:
- Фиби Бриджерс – "Lost Weekend";
- Оливия Дин – "The Art of Loving";
- Элла Лэнгли – "Dandelion";
- Бруно Марс – "The Romantic";
- Рэй – "THIS MUSIC MAY CONTAIN HOPE";
- Оливия Родриго – "you seem pretty sad for a girl so in love";
- Розалия – "LUX (Complete Works)";
- Тейлор Свифт – "The Life of a Showgirl".
"Жыл әні" номинациясында:
- "Berghain" – Розалия, Бьорк және Ив Тюмор;
- "Choosin' Texas" – Элла Лэнгли;
- "the cure" – Оливия Родриго;
- "hate that i made you love me" – Ариана Гранде;
- "I Knew It, I Knew You" – Тейлор Свифт;
- "Man I Need" – Оливия Дин;
- "Risk It All" – Бруно Марс;
- "WHERE IS MY HUSBAND!" – Рэй.
"Үздік жаңа орындаушы" атағына Ангин де Пуатин, Гиз, Элла Лэнгли, Слэйтер, Сиенна Спиро, Дон Толивер, Реми Вулф және Уомак әпкелері таласады.
Биыл сыйлық номинациялар қатарына бес жаңа аталым қосты. Олардың қатарында үздік азиялық поп-музыка орындауы, үздік R&B бірлескен орындауы, дәстүрлі поп-музыкадағы үздік вокалдық орындау, үздік дәстүрлі фолк альбомы және үздік латынамерикалық ән номинациялары бар.
69-шы марапаттау рәсімі аясында барлығы 100 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Іріктеу кезеңі 2025 жылғы 31 тамыз бен 2026 жылғы 28 тамыз аралығында жарық көрген музыкалық жазбаларды қамтиды.
Марапаттау рәсімі 2027 жылғы 7 ақпанда Лос-Анджелесте өтеді.
Бұған дейін канадалық әнші The Weeknd жеке орындаушы ерлер арасында концерттік табыс бойынша әлемдік рекорд орнатқаны белгілі болған еді.