"Мен кіммін?": Қайрат Нұртастың жұбайы өзін тану жолындағы ізденісі туралы айтты
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 2026 жылғы 17 қарашада өзін тану және өмірден өз орнын табу туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы адамның ішкі әлемін зерттеген белгілі жазушылар мен философтарды еске алды.
"Айнадағы адамға соңғы рет қашан шын мәнінде зер салып қарадыңыз? Ғасырлар өтсе де, адамзат үшін ең күрделі сұрақ өзгерген жоқ: "Мен кіммін?" Мен үнемі ізденіс үстіндемін. Кейде сахнада сомдайтын кейіпкерім арқылы өзімді тануға тырысамын, кейде үнсіздік пен тыныштықта өзіме үңілемін. Өйткені адамның ең ұзақ сапары – өзіне бастайтын жол", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Қыркүйек айында Әбдікәрімова жұрт оны табысты адам ретінде қабылдағанымен, өзін іштей жауынгер сезінетінін айтқан еді. Ол отбасы, балалары, жақындары мен командасы үшін жауапкершілік сезінетінін және оларды қорғауға дайын екенін жеткізген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript