MEGOGO деген не және онлайн-кинотеатр Қазақстанда қалай жұмыс істейді

Сурет: MEGOGO
Кешкілік фильм, маңызды футбол матчы немесе бүкіл отбасына арналған мультфильм — әркімнің кешкі жоспары әртүрлі. Жақында ғана мұның бәрін табу үшін түрлі сервистер мен құрылғылар арасында ауысып отыруға тура келетін.

Бүгінде осының басым бөлігін бір ғана MEGOGO платформасынан табуға болады.

MEGOGO — ойын-сауықтың бірнеше форматын бір платформада біріктіретін халықаралық онлайн-кинотеатр: мұнда теледидар, кино, сериалдар, спорт, аудиокітаптар және тағы басқа контенттің барлығы бар. Ол сүйікті контентті кабельдік теледидар қоспай-ақ, интернет арқылы тамашалауға мүмкіндік береді.

MEGOGO қалай өзгерді

Алғашында сервис фильмдер мен өзге де бейнеконтентті заңды түрде көруге болатын онлайн-кинотеатр ретінде дамыды. Уақыт өте келе ол бастапқы форматының аясынан шықты: теледидар мен мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар, спорттық трансляциялар және әртүрлі контент санаттарын қамтитын жазылымдар пайда болды.

Осылайша MEGOGO қарапайым онлайн-кинотеатрдан тұтас бір ойын-сауық әлеміне айналды. Медиасервис бірден бірнеше міндетті шешуге көмектеседі: кешке көретін фильм таңдау, сүйікті шоуды тамашалау немесе маңызды спорттық матчты тікелей эфирде өткізіп алмау. Бүгінде платформа әр елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бірнеше халықаралық нарықта жұмыс істейді.

Сурет: MEGOGO

MEGOGO-да не көруге болады?

Ең қызығы осы жерден басталады, өйткені MEGOGO-дан кез келген көңіл-күйге сай контент табуға болады:

Теледидар

Фильм премьералары, культтік сериалдар мен қызықты туындылар

Спорт: матч трансляциялары, спорт арналары және басқа да жарыстар

Танымдық және білім беру видеолары

Сонымен қатар MEGOGO экожүйесінде подкасттар, аудиоконтент және кітаптар бар — бұл экраннан демалғыңыз келгенде, бірақ қызықты оқиғалардан қол үзгіңіз келмейтін сәттерге таптырмас шешім. Контенттің бір бөлігі тегін қолжетімді, ал қалғаны үшін жазылым рәсімдеуге немесе қаралым ақысын бөлек төлеуге болады. Осылайша не тыңдап, не көретініңізді және оны қалай істеу ыңғайлы екенін өзіңіз таңдайсыз.

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ):

MEGOGO — қазақстандық компания ма?

MEGOGO — халықаралық медиасервис. Сонымен қатар компания Қазақстан нарығында сонау 2012 жылдан бері — елімізде жергілікті кеңсесі ашылған кезден бастап ресми түрде жұмыс істейді. Бүгінде MEGOGO Kazakhstan бөлімшесі республика аумағында телеарналарды таратуға, каталогты толықтыруға, контентті локализациялауға (қазақшаға бейімдеуге) және жергілікті пайдаланушыларға қолдау көрсетуге жауап береді.

MEGOGO — ресейлік компания ма?

Жоқ, MEGOGO 2011 жылы Украинада құрылған.

MEGOGO кімге тиесілі?

MEGOGO — Украинада негізі қаланған жекеменшік компания. Бүгінде ол бірнеше нарықта жұмыс істейтін және цифрлық контенттің жеке экожүйесін дамытып отырған халықаралық медиасервис.

MEGOGO қай елдерде жұмыс істейді?

MEGOGO Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша қолжетімді. Контент каталогы, қолжетімді телеарналар мен жазылым шарттары нақты нарыққа байланысты ерекшеленеді.

Сурет: MEGOGO

Қазақстанда MEGOGO-дан не көруге болады?

MEGOGO-ның бірыңғай экожүйесінде ойын-сауықтың барлық негізгі форматтары біріктірілген:

Кино және сериалдар: 8 600-ден астам фильм, сериал мен мультфильм, соның ішінде Disney, Lionsgate және Paramount+ студияларының жобалары, HBO медиатекасы және қазақстандық кинематограф туындылары;

Теледидар: 110-нан астам телеарна мен интерактивті [M]-плейлисттер (ұлттық "Qazaqstan", "Хабар" арналарынан бастап танымдық Discovery арнасына дейін), сондай-ақ TimeShift (эфирді кідірту) және Catch-up (архив) функциялары;

Спорт: Setanta, Eurosport және QAZSPORT арналарындағы Чемпиондар лигасы, АПЛ матчтары мен UFC жекпе-жектерінің тікелей эфирлері;

Балаларға: мультфильмдер, анимациялық туындылар, "Balapan" телеарнасы және PIN-кодпен қорғалған бөлек оқшауланған балалар профилі;

Аудио бөлімі: мобильді қосымшада офлайн тыңдауға қолжетімді мыңдаған лицензиялық аудиокітаптар мен подкасттар.

Серіктес материалы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

"Күн райы күрт бұзылады". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды