Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

Сурет: Zakon.kz
Халықаралық зерттеушілердің мәліметінше, Қазақстан әйелдердің әл-ауқаты мен қауіпсіздік индексі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Georgetown Institute for Women, Peace and Security әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік индексінің жаңартылған деректерін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азияның барлық елдерін, ТМД мемлекеттерінің басым бөлігін, соның ішінде Ресей, сондай-ақ Израиль, Қытай, Түркия және Украина елдерін басып озған.

Зерттеуді Джорджтаун әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік институты Норвегияның бейбітшілікті зерттеу институтымен бірлесіп жүргізеді. Екі жыл сайын жарияланатын рейтингте 181 елдегі әйелдердің құқықтары, қоғамдағы мүмкіндіктері мен қауіпсіздік деңгейі салыстырылады.

Жаһандық рейтинг жасалатын қорытынды индекс әртүрлі елдердегі әйелдердің жағдайын кешенді түрде бағалайды. Ол үш санатқа біріктірілген 13 негізгі көрсеткіш есептеледі:

Әрбір критерий 0-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады. Мұнда 1 – ең жоғары көрсеткіш. Кейін алынған нәтижелердің орташа мәні есептеледі.

Әйелдер үшін ең жақсы жағдай қай елдерде?

Зерттеу авторларының айтуынша, қазіргі таңда әйелдер үшін өмір сүруге ең қолайлы жағдайлар Еуропа елдерінде қалыптасқан.

Әйелдердің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі индексі бойынша жаһандық рейтингте 0,939 баллмен Дания көш бастап тұр.

Екінші орында – Исландия, оның қорытынды индексі 0,932 балл. Ал үшінші орында Норвегия орналасқан – 0,924 балл.

Әйелдер үшін өмір сүруге қолайлы елдердің үздік ондығына, Швеция (0,924 балл), Финляндия (0,921 балл), Люксембург (0,928 балл), Бельгия (0,912 балл), Нидерланд (0,905 балл), Австрия (0,898 балл) және Жаңа Зеландия (0,898 балл) кірген.

Қазақстан мен ТМД елдерінің көрсеткіштері

"Women, Peace and Security Index 2026" соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан көрсеткіштерін сәл төмендеген. 0,722 баллмен әлемдік рейтингте 72-орынға жайғасқан.

Соған қарамастан, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің басым бөлігінен жоғары көрсеткішке ие болды.

ТМД кеңістігінде әйелдер үшін ең қолайлы жағдайлар бойынша Армения (56-орын, 0,762 балл) мен Беларусь (63-орын, 0,739 балл) көш бастап тұр.

Жаңартылған зерттеу нұсқасына сәйкес, Қазақстаннан төмен көрсеткіштерді Ресей (75-орын, 0,718 балл), Қырғызстан (85-орын, 0,697 балл), Тәжікстан (89-орын, 0,685 балл), Өзбекстан (98-орын, 0,674 балл) және Әзербайжан (111-орын, 0,653 балл) көрсеткен.

Сонымен қатар Қазақстан бұл рейтингте Түрікменстанды (74-орын, 0,720 балл), Израильді (84-орын, 0,697 балл), Қытайды (89-орын, 0,685 балл), Түркияны (106-орын, 0,664 балл) және Украинаны (116-орын, 0,645 балл) басып озған.

Әйелдер үшін ең қолайсыз елдер қайсы?

Қазіргі таңда әйелдер үшін өмір сүруге ең қолайсыз ел – Ауғанстан. Бұл мемлекет 0,279 баллмен рейтингтің ең соңғы, 181-орында тұр.

Ауғанстанға қарағанда жағдайы сәл жақсы елдердің қатарында Йемен (0,323 балл), Орталық Африка Республикасы (0,362 балл), Сирия (0,364 балл), Судан (0,397 балл), Гаити (0,399 балл), Конго Демократиялық Республикасы (0,405 балл), Бурунди (0,407 балл), Оңтүстік Судан (0,411 балл) және Мьянма (0,442 балл) бар.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті