Оның азаматтық секторға кету туралы шешімі Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінен белгілі болды.
Құрметті достар, әріптестер! Бүгін азаматтық секторға кету және денсаулық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамыту туралы шешімімді қолдадыңыздар.Алекцей Цой
Алексей Цой аталған қызметке өткен жылдың 25 маусымында тағайындалған еді. Әлеуметтік желі арқылы жасаған мәлімдемесінде ол министр болып қызмет еткен кезеңіндегі жетістіктерді санамалап өтті.
Мемлекет басшысы Covid-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, денсаулық сақтау саласы жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырды. Біз эпидемиологиялық қауіптерге жауап қату шарттарын жасадық: өңірлерде жаңа инфекциялық емханалар салынды, жедел жәрдем көліктері паркі, ӨЖВ аппараттары, ауылдардағы жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің өндірісі артты, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті қоры жасалды, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен зертхана қызметінің әлеуеті арттырылды, QazVak вакцинасы шығарылды және т.б.Алексей Цой
Сондай-ақ ол "Салауатты ұлт" жобасына тоқталып, ДДСҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерімен әріптестік орнатылғанын, денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі жобалар іске қосылғанын жазды.
Ойын қорытындылай келе, Алексей Цой мемлекет басшысынан бастап экс-әріптестеріне алғысын білдірді.
Маған сенім білдіргені және Қазақстан халқының игілігі үшін атқарылған орасан зор жұмыс үшін мемлекет басшысына, президент әкімшілігіне, премьер-министрге, үкіметтегі әріптестеріме, Денсаулық сақтау министрлігіне, жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға, БАҚ өкілдеріне, еріктілерге, үкіметтік емес ұйымдарға, қадірменді медициналық қызметкерлерімізге алғысымды білдіргім келеді. Еңбек жолымның жаңа векторы жақында белгілі болады. Алда жаңа жобалар күтіп тұр.Алексей Цой
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға мемлекет басшысы да белсенді еңбегі үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлады:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірдіБерік Уәли