Жандос Бүркітбаев Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус індетін жұқтыру жағдайы 31 пайызға азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы төрт айда бұл көрсеткіш 16 есеге кеміген: тамыз айында аптасына 56 120 жағдай тіркелсе, желтоқсан айында аптасына 3524 жағдай тіркелді.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық болжамға сәйкес, бүгінде республикада орта есеппен 560 жағдай тіркеліп, оптимистік сценарий орындалып жатыр. Қазіргі таңда республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев
Сондай-ақ Жандос Бүркітбаев елдегі вакцина алғандарға қатысты мәлімет берді. Елімізде вакцинаның бірінші компонентін 9 миллионнан астам адам алған.
Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ы, сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екінші компонентін алды.Жандос Бүркітбаев
Ал Үкімет басшысы әлемде коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет екеніне ерекше назар аударды.