Қазақстаннан Түрікменстанға барған азаматтардан "омикрон" штамы анықталды

Сурет: pixabay
Қазақстаннан Түрікменстанға оралған төрт азаматтан "омикрон" штамы анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz

Түрікменстанның Балкан уәлаятында коронавирустың тарауына қарсы шектеу шаралары күшейді. Медицина қызметкерлері мұны Қазақстаннан оралған түрікмен азаматтарынан COVID-19 вирусының "омикрон" штамы анықталғанымен байланыстырады, деп жазады Азаттық радиосы.

"Бекдаш карантин аймағында Қазақстаннан оралған төрт азаматтан "омикрон" штамы анықталды", - деп хабарлады дәрігер Азаттық радиосының Түрікмен қызметінің тілшісіне.

Дәрігердің сөзінше, екі апта бұрын түрікмен-қазақ шекарасындағы өткізу бекеті ашық болған. Қазақстанда қалған түрікмен азаматтарына оралуға мүмкіндік берген. Енді вирус анықталғаннан кейін, шекараны қайта жапқан.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов елдің қауіпсіздік кеңесіне "омикрон" штамының "кіруіне" жол бермеуді тапсырды.

Бұған дейін Орталық Азия елдерінің билігі, арасында Қазақстан да бар, қараша айында Оңтүстік Африкадан тараған коронавирустың жылдам жұғатын түрі – "омикрон" тіркелмегенін хабарлаған еді.

Қазақстан
Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді