Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды өзін-өзі емдемеуге шақырды

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында коронавирусқа қарсы өзін-өзі емдеуге жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Уақытылы медициналық көмек көрсету және ауыр науқастардың санын азайту үшін тұрғындар арасында COVID-19-ды өзін-өзі емдеуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, мобильді бригадаларды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету қажет. Ол үшін облыс әкімдіктері дер кезінде қосымша көліктер бөлуі қажет. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Сондай-ақ министр емханалардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ дәріханаларда қабынуға қарсы және қызуды басатын дәрілердің болуын үнемі қадағалау қажеттігін айтты.

Барлық амбулаториялық науқастарды тексерумен және динамикалық бақылаумен, оның ішінде дистанциялық қызметтерді пайдаланумен қамтамасыз ету үшін емханалардың ахуалдық орталықтарының жұмысын күшейту қажет.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады