Одан кейінгі орында COVID-19 инфекциясы. 870,8 мың адам тіркелген, оның 832,8 мыңында вирус анықталған.
Energyprom.kz зерттеуінше, елімізде 21 мыңға жуық адам респираторлық аурулардан қайтыс болды, оның 195-і – 1 жасқа дейінгі сәбилер.
Сонымен қатар желшешекпен (16,4 мың адам зардап шеккен) және ішек инфекциясы тобындағы аурулардың (8,9 мың адам) айтарлықтай саны тіркелді.
Оған қоса 3,5 мың адам АИТВ, 4,6 мың адам созылмалы вирусты гепатит, 2,3 мың адам мерезбен ауырған.
18 жасқа дейінгі балалар жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жедел инфекциясымен жиі ауырды: 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында 627,5 мың адам.
Сонымен бірге желшешек (14,9 мың) және ішек инфекциялары (7,4 мың) аурулары тіркелген. Туберкулезді жұқтыру 538 балада анықталды.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда респираторлық аурулардан қайтыс болғандар саны – 20,8 мың адам. Жұқпалы және паразиттік аурулардан қаза тапқандар – 1,4 мың адам.
Тыныс алу органдары ауруларынан 1 жасқа дейінгі балалар өлімі бір жылда 12,9%-ға, 195-ке, ал жұқпалы және паразиттік аурулардан 26,8%-ға, 180-ге азайды.
Екі жылдан бері жалғасып келе жатқан COVID-19 коронавирус инфекциясына келсек, Қазақстан аймақтары арасында аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші (дәлірек айтсақ, ауруды анықтау) Нұр-Сұлтанда белгіленді: 10 000 халыққа 1 118 жағдай.
Одан кейінгі орындарда Алматы (10 000 адамға 824 жағдай) және Қарағанды облысы (10 000 адамға 711 жағдай)тұр.