Референдум: сайлау учаскелеріне Ashyq жүйесі қойыла ма

Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі референдум өткізуге қойылатын санитарлық талаптар туралы жеке қаулы дайындайды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Республикалық референдум күні коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі. Әрине, ол жалпы елде, белгілі бір өңірлерде эпидемиологиялық жағдай қалай өрбитініне байланысты болады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова

Оның айтуынша, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда қосымша карантиндік шаралар енгізіледі.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда қосымша шара (енгізілетін болады – ред.) сайлау учаскелеріне кіру кезінде міндетті түрде Ashyq қосымшасын қолдану болады. Әрине, инфекция жұқтырғандар сайлау учаскелеріне жіберілмейді. Сонымен қатар, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, дезинфекциялау құралдарын қолдану қажет. Айжан Есмағамбетова

Сонымен қатар Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша жағдай қолайлы болып қалатынын болжап отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, 5 мамырда ҚР Парламенті референдум туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы