Ыстық күнде қандай сусындарды ішкен дұрыс – дәрігер кеңесі

Сурет: unsplash
Алматыдағы №18 қалалық емхананың терапевті Бағымкүл Қанатова аптап ыстықта қандай сусындарды ішкен дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігер шырын мен жеміс-жидек сусынын егер олар табиғи болса (әсіресе жаңа сығылған) және қанты аз мөлшерде болса ғана ішкен дұрыс екенін айтады. Оның айтуынша, ең жақсысы – тәтті шырынды жартылай сумен араластырып ішу.

Ыстықта шөлді қандыру үшін тамаша сусын – лимон тұнбасы. Оны өзіңіз жасай аласыз. Бір стақан суға лимонның төрттен бірін сығыңыз. Толық емес шай қасық қант пен бір шымшым тұз қосыңыз. Бұл сусынды жарты сағат сайын аз-аздан ішіңіз.Алматы қаласының №18 қалалық емханасының дәрігер-терапевті Бағымкүл Қанатова

Сонымен бірге қарапайым суды ұмытпау керек. Өйткені адам ағзасының 80%-ы судан тұрады және барлық метаболикалық процесс бір немесе басқа жолмен электролит болатын сулы ортада жүреді. Сондықтан сарапшы күнді бір стакан су ішуден бастауды кеңес етеді.

Ағзаға суды жеткілікті мөлшерде қабылдау – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Су біздің ағзамызда болып жатқан химиялық реакцияларға белсенді қатысады, әрбір жасушаға қорек заттарды жеткізеді, токсиндерді, артық тұздарды кетіреді. Суда көп мөлшерде қорек заттар, минералдар және пайдалы микроэлементтер бар.Бағымкүл Қанатова

Жаңалықтарды дәрігердің рецептімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді