Семіз адамдарға өріктен бас тарту ұсынылады – дәрігер

Сурет: pixabay
Диетолог Михаил Гинзбург өріктің құрамында көптеген дәрумен, аминқышқылдары және антиоксидантты заттар бар екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru-ға берген сұқбатында медицина ғылымдарының докторы бұл жемісті үнемі тұтыну ағзаның барлық жүйесі мен органдары жұмысына оң әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ол ас қорытуды жақсартатын және иммундық жүйені қолдайтын өсімдік талшықтарына бай.

"Тіпті, өріктің сыртқы қабығы да айтарлықтай зиян келтірмейді, егер адамда созылмалы аурулар немесе асқазанның қабынуы деген болмаса, ондайда өрікті қабығымен жей беруге болады", - деді дәрігер.

Алайда, егер адамның аллергиясы болса, онда бұл жемістен бас тартқан дұрыс, сонымен қатар метаболизм проблемалары бар адамдар да өрік жемегені абзал.

Егер адамда артық салмақ болса, онда тәтті жемістерді асыра жеуге болмайды, бірақ көкөністерді тұтынған дұрыс, деп ескертеді диетолог.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды