Эндокринолог салмақ тастау кезіндегі ең маңызды талаптарды атады

Сурет: pixabay
Салмақ тастауға бет бұрған адамдардың көпшілігі біраз уақыттан соң қайта салмақ қосып алады. Маман жаңа диетаға көшу кезінде ағзада бұзылыстарды қалай болдырмауға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салмақ жоғалтудың оңтайлы динамикасы - бастапқы дене салмағының 5-10%. Мақсатты салмаққа жеткен кезде қол жеткізілген нәтижені ұзақ уақыт сақтау ұсынылады. Эндокринолог Арсений Русанов

 "Инвитро-Приволжье" эндокринологы, Ресей эндокринологтар қауымдастығының мүшесі Арсений Русанов «Известия» порталына берген сұқбатында артық салмақпен күресу кезінде бұзылыстардың жиіорын алуының себебі - бұл калорияны шалт шектеу немесе тамақтану режимінің өзгеруіне байланысты ағзаның күйзеліске ұшырауы.

Сондықтан дәрігер артық салмақпен асықпай күресуге кеңес береді.

Біртіндеп салмақ жоғалту керек. Салмақ жоғалтудың оңтайлы динамикасы - бастапқы дене салмағының 5-10%. Мақсатты салмаққа жеткен кезде қол жеткізілген нәтижені ұзақ уақыт сақтау ұсынылады. Эндокринолог Арсений Русанов

Сондай-ақ, ол күнделікті энергия қажеттілігіне сай күніне 500-600 калорияны азайтуға, яғни шектеуге кеңес береді. Дәрігер бұл мәселеде оны одан ары асырмау маңызды екенін ескертті. Сонымен, әйелдер үшін күнделікті тұтыну қажет етілетін ең азы – 1200 калория, ал ер адамдар үшін – 1500. 

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды