47 жастағы азамат бес күн бойы тісі ауыр са да шыдап, өзінше ем-дом жасаған. Бірақ ауру жазылғанның орнына асқына бастаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ер адам ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, тіпті бір күннен кейін жағдайы тіптен нашарлаған. Дәрігерлер кеуде қуысын тіліп, іріңді құрылғымен соруға мәжбүр болды.
Ауыз қуысында ашық іріңді жара болған, оған қоса мойыны күп болып ісіп кеткен. Диагнозы - "медиастинит". Бұл, шын мәнінде, науқастың өміріне қауіп төндіретін өте күрделі асқыну. Бәрі қарапайым тісжегіден (кариес) басталған. Петропавл қалалық Көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин
Ерназар Әділшиннің айтуынша, 2022 жылы осындай диагноздан екі кісі өліп кеткен.