Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Сурет: senate.parlam.kz
Cенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қорытындыны Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жария етті.

"Сот-сараптамалық зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша науқас өлімінің тікелей себебі - жедел миокард инфарктісі болып табылады. Анафилактикалық шок ықтималдылығы туралы күдік расталмады. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дер кезінде жеткенін атай кеткіміз келеді, бұл 5 минут уақытты алды. Бригада оқиға орнына жеткенде, өкінішке орай, науқас өмір белгілерін танытпады. Яғни, ес-түсін жоғалтқан, тамыр соғысы білінбеген, тынысы болмаған. Соған қарамастан, реанимациялық іс-шаралар өткізілді, бірақ одан нәтиже болмады. Марқұмның туғандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз". Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Айта кетсек, 27 қаңтарда 45 жасқа қараған шағында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың кенеттен дүниеден озғаны туралы қаралы хабар тарады. Алдын ала қойылған диагноз - анафилактикалық шок екендігі де хабарланды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек