Алматыда ойнап жүрген 10 жасар бала орға түсіп кетті

Sn.kz
Ойнап жүрген бала орға құлап түсіп, ордағы арматураға қолын жарақаттап алған.

Алматыда коммунал қызметкерлері қалдырып кеткен орға 10 жастағы оқушы түсіп кетті. Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Sn.kz.

Алмалы ауданының Айгерім-2 ықшамауданының тұрғындары былтыр қазан айында жұмысшылар қазып тастаған ордың жанында бір баланың ойнап жүргенін көрген. Қауіпті орынды коммунал қызметкерлері үш жағынан ғана қоршап қойған. Ойнап жүрген әлгі бала орға құлап түсіп, ордағы арматураға қолын жарақаттап алған.

"Баланың қолы жыртылып кетті, қан көп ақты. Оны "жедел жәрдем" алып кетті", – деді жәбірленушінің әпкесі.

Жергілікті тұрғындар биліктің назарын қауіпті орға аудартуға тырысқан. Жұмысшылар бұл орды Еркіндік – Бәйтенов Ноян көшелерінің қиылысында қалдырып кеткен. Бірақ аудан әкімдігі тұрғындардың арызын қарастырмаған. Енді ордың жанында тұрып жатқан жұрт шенеуніктерге жағдайды баяндамақ ниетте.

"Өткен жылы күз айында жаңа үйлерге арнап су тартты, орды қазып тастады, бірақ күн суытқанша жұмыстарын бітіріп үлгермеді. Осылайша орды ашық қалдырып кетті. Бұл жерде балаларымыз ойнайды. Жұмысшылар көктемде жұмыс аяқталатынын айтқан, бірақ ордың жанынан көптен бері ешкімді көрмедік", – дейді өзін Николай деп таныстырған ықшамаудан тұрғыны.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды