Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы қаза тапты

Сурет: zakon.kz
59 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде қарсы жолға шығып кеткен.

«Павлодар-Қызылорда» бағытындағы тас жолдың 178 шақырымында екі айлық сәбиі бар ерлі-зайыптылар жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Тoyota avensis маркалы автомашинаның 59 жастағы жүргізушісі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде қарсы жолға шығып кетіп, 41 жастағы ер адам тізігендеген Daihatsu маркалы автомашинамен соқтығысқаны анықталған.

- Салдарынан Daihatsu көлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушылары - 36 жастағы әйел және 2018 жылдың 18 наурызында туған бала алған жарақаттардан қайтыс болды, - деді департаментте.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама мен күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы тағайындалған. Автокөлік алынып, айыппұл тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін