Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар баланың өлі денесі табылды

РБК-Украина
Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

17 мамыр күні жоғалып кеткен Көмеков Арсеннің өлі денесі кір су төгетін шұңқырдан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың денесі сол ауданда, өзінің үйінің маңында, тереңдігі 1,5-2 метрді құрайтын шұңқырдан табылды.

Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Көмеков Арсен, 2014 жылы туған, 17 мамыр күні Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ ықшам ауданында жоғалып кеткен болатын. Түстен кейін есігінін алдында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген бала, белгісіз бағытта кетіп қалған. Баланың жоғалып кеткенін анасы, Жанар Көмекова кешке жұмыстан келген бойда анықтайды. Бір әйел сол күні кешкі сағат 20:00 шамасында дүкеннің алдында жылап тұрған баланы көргенін айтады, бірақ оған аса мән бермеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін