Пәтер иесін өлтірген жезқазғандықтарға қатысты үкім шықты

Моральдық залалдың құны ретінде қылмыстық іске қатысы барлардың әрқайсысынан 1,5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарылды.

Қарағандыда 58 жастағы ер адамды өзінің мылтығымен атып өлтіріп, үйін тонап кеткен үш жезқазғандыққа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Судья екі сотталушыны ҚР ҚК-ның бірнеше бабы, соның ішінде адам өлтіру бабы бойынша айыпты деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айырды. Олар қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде жазасын өтейді. Үшінші сотталушы «қылмысты жасырды, жәбірленушінің мүліктерін тонауға қатысты» деп танылып, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Ол қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді сот өкілі.

Бұдан бөлек, моральдық залалдың құны ретінде қылмыстық іске қатысы барлардың әрқайсысынан 1,5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарылды.

Жәбірленушінің ұлы бұған дейін материалдық залал үшін 6 миллион 644 мың теңге мөлшерінде өтемақы талап еткен болатын. Сот материалдық залалдың өтемақысы ретінде 2 миллион 453 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында белгісіз себептермен адам өлтіру дерегі туралы хабар тараған еді. Жәбірленушіні іздеуге 8 ай уақыт кетті. Айыпталушылар пәтер иесін алдымен атып өлтіріп, денесін өртемек болған. Пәтер иесін өлтірудегі мақсат – оның сатқан пәтерінен түскен қаржыны ұрлау болған. Жәбірленушіні қатыгездікпен өлтіргендер оның пәтерінің кілтін алып, бағалы заттарын ұрлап кеткен. Қылмыстық істің мән-жайы сегіз ай уақыт өткен соң ғана анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: