Үш жасар қыз апасының дәрісін ішіп көз жұмды

Baq.kz
Екі кішкентай бала апасының сөмкесіндегі дәріні ішіп қойған.

Апасының дәрісін ішкен екінші баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Подмосковьеде кішкентай екі бала апасының сөмкесіндегі дәріні ішіп, соның салдарынан 3 жастағы қыз көз жұмса, төрт жастағы ұл ауруханада ауыр хәлде жатыр.

9 тамызда саяжайлардың бірінен ес-түссіз жатқан екі баланы ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі үш жасар қыз болса, екіншісі төрт жастағы ұл. Оқиға орнына жеткен медициналық мамандар қыз баланың көз жұмғанын анықтаған, ал ұл бала ауыр хәлде ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Алдын ала болжам бойынша, балалар саяжайда анасы, апасы және кәмелеттік жасқа толмаған екі әпкелерімен болған. Үлкендердің назарынан тыс қалған сәтті пайдаланған олар сөмкеден апасының дәрісін алып, ішіп қойған», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды