Алматы облысында автокөлік тонаушылардың қылмыстық дуэті құрықталды

интернет
Күдікті ретінде екі ер адам ұсталды.

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өңірде көлік тонаумен айналысқан қос талдықорғандықтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Олар ұзақ уақыт бойы аудан тұрғындарының көліктеріндегі құнды дүниелерін ұрлап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілердің жыл басынан бері Ескелді ауданында орын алған 20 ұрлық фактісін жасағаны дәлелденуде. Сондай-ақ, олардың осындай сипаттағы басқа да ұрлықтарға қатысы бары анықталуда.

«Күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Екеуі де – Талдықорған қаласының тұрғындары. Біреуі – 28 жаста, бұрын ұрлық жасағаны және тонаумен айналысқаны үшін бас бостандығынан айырылған, ал екіншісі – 24 жаста. Тергеу материалдарына сәйкес, қос күдікті облыс орталығы маңындағы Бақтыбай, Шымыр, Қарабұлақ және Ешкіөлмес ауылдарында қылмыстық әрекеттер жасаған. Олар көше бойында тұрған көліктерден бағалы заттарды үптеп кеткен. Оның ішінде үлкен жүк көліктері де бар. Негінен көліктерден аккумуляторларын, антирадар құрылғыларын, ақшаларды, телефондар мен көлік ішіндегі өзге де құнды дүниелерді ұрлап жүрген. Қолды болған заттардың кейбірі табылып, қылмыстық тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп хабарлайды облыстық полиция өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілуде. Күдіктілер тергеу аяқталғанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме