Шымкенттік түрмеге нанның ішіне телефон тығып өткізбек болған

ҚазАқпарат
Тыйым салынған байланыс құралы сотталушыға әкелген тамақтарды тексеру барысында табылды.

Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеушіге туысы нанның ішіне жасырылған ұялы телефон алып кірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тыйым салынған байланыс құралы сотталушыға әкелген тамақтарды тексеру барысында табылды.

Әйелдерге арналған ИЧ 167/4 түзеу мекемесі басшысының міндетін атқарушы Сапарғали Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, қатаң тәртіптегі колонияға сотталушының туысы қысқа мерзімдегі кедесуге келген. Оның заттарын қарау кезінде түрме қызметкерлері нанды турап көрген. Сол кезде ұялы телефонмен қатар онығ қуаттағышы, сим картасы табылған. Артынша бұл заттар тәркіленді. Кездесуге келген азаматқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Түзеу мекемесі қызметкерлері заңбұзушылыққа жол берген тұрғынның ісін Қылмыстық-процестік кодексі бойынша шара қолдану үшін Шымкент қалалық Әл-

Фараби аудандық сотына жолданған.

Айта кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай екі ай бұрын болған. Онда жазасын өтеушінің туысы піскен тауықтың ішіне ұялы телефон тығып келген болатын. Тыйым салынған байланыс құралын түрме қызметкерлері тәркілеп алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды