Алматыда өткен жартылай марафонда астаналық қатысушы көз жұмды

Baq.kz
Бозбаланың өлім себебі сот-медициналық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады.

Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматыдағы филиалының студенті, 18 жастағы Максим Королев Алматыда өткен жартылай марафонда көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның жанкүйері ретінде қасында болған топтастарының айтуынша, қаза болған студент ҚР-ның «Күрес және жауынгерлік самбо» бойынша спорт шебері кандидаты және кросс бойынша өткен қалалық спартакияданың жүлдегері (І орын) болған.

Куәгерлер Абай көшесі бойымен жүгіріп келе жатқан бала мәреге бір кварталдық қана қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезіне бастаған. Арада үш минут өткенде оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның өмірден өткен уақытын белгіледі. Бозбаланың өлім себебі сот-медициналық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады және оның қорытындысы жақын арада туған-туыстарына айтылады.

Ұйымдастырушылар көз жұмған студенттің туыстарымен байланысып, оларға көңіл айтып, ата-анасының Алматыға келуін ұйымдастырып берген.

«Смелость быть первым» корпоративтік қордың директоры Салтанат Қазыбаева әдетте марафон кезінде қатысушылар қандай қашықтықта жүгіретіндері ІІД қызметкерлерімен, медициналық жедел жәрдем станциясымен бірге анықталып, алғашқы көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тиісті жерлерде тұратынын айтты.

«Бұл қайғылы жағдайдан кейін спортшылардың сайысқа қатысу талаптарын қайта қараймыз», - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Әділет" партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси кағидаттарын жүзеге асыруды қолдайды

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады