Көкшетауда еден жуушы анасымен бірге жұмысқа барған 4 жасар бала мерт болды

Шұңқыр, Көкшетау, еден жуушы, анасы, бала, құдыққа түсу, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 21:46 Сурет: pixabay
Көкшетауда 4 жасар бала жаңбыр суы толы құдыққа құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға анасы еден жуушы болып жұмысқа шыққан алғашқы күні орын алған. Жалғыз ұлын қалдыратын ешкім болмаған соң, оны өзімен бірге ертіп жүрген. Ал жұмыста одан көз жазып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отыз жас шамасындағы келіншек ірімшік дүкеніне жұмысқа тұрмақ болған. Дүкен иесі алдымен оның қалай жұмыс істейтінін байқамақ болыпты. Жалғызбасты ана ұлын қалдыратын ешкім болмаған соң, өзімен бірге ерте келген. Кейін ойын баласынан көз жазып қалған. Төрт жасар бала дүкен маңындағы әкімшілік ғимаратының артына келген. Бұл жерде тереңдігі екі метр лифт шахтасына жаңбыр суы толып тұрған. Бүлдіршін осы жерге келіп мерт болған. Бүлдіршіннің психикалық дамуы тежелген екен. Оның денесі араға үш сағат салып табылған. Бала бұған дейін мемлекеттік балабақшаға барып жүрген. Алайда анасы ақшасын төлей алмай қарызданып қалған, содан бала үйде, деп хабарлайды КТК.

Полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

"Іздеу жұмысына төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері жұмылдырылып, бала ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қылмыстық іс қозғалды".Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы полиция департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

Су толы құдықтың ашық қалуына кім кінәлі екені тергеуде анықталмақ. Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, анасының жағдайы тым қиын, жалақысы аз, асыраушысы жоқ болса, бүлдіршін балабақшаға тегін бара алады, тек тиісті құжаттар жинаса болғаны.

Еріктілер қара жамылған анасына перзентін жерлеуге 4 миллион теңге аударған.

Бұған дейін Жетісу облысында төбелес болып, оқушы бала көз жұмғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: