Семейде жас жігіт аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кетті

akimsemey.gov.kz
Жігіттің өзенге секіргелі тұрған әрекетін жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірінші көрген екен.

Семейде жас жігіт көпірден өзенге секіріп кетті. Жергілікті құтқару қызметі оны таба алар емес. Оның неліктен мұндай оқыс қадамға барғаны да, аты-жөні де әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

-Жедел біздің жігіттер жағаға шықты. Олар судың жағалауларына іздеу жүргізуде. Екі қайық пен 7 адам қызмет етіп жатыр, - деді Семей қалалық судан құтқару қызметінің бастығы Қуанышбек Байтуғанов.

Оқиға 16 қазан таңғы сағат 5-те болды. Жігіттің өзенге секіргелі тұрған әрекетін жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірінші көрген екен. Дегенмен, оны райынан қайтара алмаған. Көмек қолын ұсынған сәтте, жас жігіт тереңдігі 4-5 метр болатын Ертіс өзеніне қарғып кеткен. Артынша судың бетіне шыққанымен, тәртіп сақшылары одан көз жазып қалыпты. Сондықтан оның жағаға аман шыққаны не сол күйі суға батып кеткені әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі