Ақмола облысында мектепте қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды

sn.kz
Мектеп әдеттегідей жұмыс істеуін жалғастыруда.

Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы мектептердің бірінде қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды деп хабарлайды Sn.kz Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданында мектептің жанында орналасқан қазандықта жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқу ғимаратына жылу беретін қазандық жарылған. Жарылыс кезінде от жағушы күйіп қалып, ауруханаға жатқызылды.

Дегенмен, мектеп әдеттегідей жұмыс істеуін жалғастыруда. Оларда қосалқы қазандық болғандықтан мектепке жылу қайта берілді, балалар да ешқандай жарақат алған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды