Қарағандыда инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты

ТСН
Тағы бір инспектордың жағы сынған.

Қылмыс үстінде ұсталған браконьерлер инспекторды өлтірген, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР АШМ орман шаруашылығы комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет сілтеме жасап.

Инспекторлар 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының Нурин ауданына рейд жасауға шыққан. Сол жерде атылған 5 киіктің денесін тауып алған. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті көрген, олардың нөмірлері тіркелмеген екен.

"Көлікті тінту барысында оларға белгісіз біреулер қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, ал екінші инспектор бас-сүйек жарақатын алып, біршама уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Алайда, дәрігерлер екінші инспектордың өмірін сақтап қала алмады. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының тобы тергеу ісін жүргізетін болады", - дейді баспасөз-хатшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды