Алматыға таяу маңда автокөлік жолдан шығып кетіп, жүргізуші қаза тапты

Zakon.kz
Жойқын соққының салдарынан көлік бөлшектері ондаған метрге ұшып, оның отқа орану қауіпі туындаған.

Қаскелең тас жолында Адам өлімімен аяқталған ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қаскелеңге жақын жерде орын алған. Мәлімет бойынша Hyundai Solaris автокөлігі Алматыға қарай кетіп бара жатқан. Жолдың таулы аумағында белестер мен құламалар жиі кездеседі. Осындай құламалардың бірінде көктайғақ жолда келіншек көлікті басқара алмай қалған. Машина жолдың қарсы бағыты арқылы өтіп барып, сайға ұшып кеткен. Онда көлік ағашпен қақтығысқан. Жойқын соққының салдарынан Hyundai бөлшектері ондаған метрге ұшып, оның отқа орану қауіпі туындаған.

Куәгерлер күл-талқаны шыққан көліктен келіншекті шығарып алыпты. Олардың айтуынша, әйел адам бастапқыда тірі болған, бірақ қатты жарақаттың нәтижесінде нәтижесінде көз жұмды. Оның артында екі кішкентай баласы қалыпты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Бұның артынша тағы бір ЖКО болды. Осы бағытта кетіп бара жатқан Mercedes-Benz Sprinter-ді тізгіндеген жүргізуші жеңіл көліктің ұшып кеткенін көріп, бірден тежегішке басқан. Сол сәтте оның артқы жағынан Daewoo Nexia соғылады. Абырой болғанда бұл жол апатынан жапа шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кто знает вышлите друзьям либо родственникам. Актуально 8:30-9:00

Публикация от ALMATY 24/7???????? (@dorogi_almaty_official)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті