17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Бүгін, 17 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Шаңырақ күні". Бұл күн елімізде жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы "Шаңырақ" күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
"Қазақ өркениетінде "Шаңырақ" сөзі киелі мазмұнға ие. Бүкіл ұлт тұтас ірге жайған қара шаңырақ – ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады. Бірер күн бұрын Ұлттық құрылтай аясында Атырау өңіріндегі сапарымда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі туды. Өңірдегі жетекші оқу орнында қызмет істеп жүрген жас ғалымдар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отбасы банкі" арасындағы екі жақты келісім негізінде жүзеге асқан "Жас ғалым" бағдарламасына қатысып, баспаналы болған сүйінші жаңалықтың үстінен түстім. Қуанышқа орай, аталмыш білім ордасының үш бірдей ғалымына пәтердің кілтін табыстау рәсімі бұйырды", деп жазды желіде Оқу-ағарату министрі Саясат Нұрбек.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Айта кетсек, Наурызнама бойынша кешегі - 16 наурыз мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтарға арналған күн болды.
Сурет: Telegram/Наурызнама
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript