Наурызнама онкүндігі: бүгін – Шаңырақ күні

Бұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Еліміздің түкпір-түкпірінде жастардың неке қию рәсімі өтіп, ақсақалдар бата беріп, жас жұбайларға бақ-береке тілейді.
Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ. Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.
Орташа неке жасы: ерлер – 27,9 жас, әйелдер ¬– 25,2 жас. Ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739.
Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. "Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш", "Баланың бас ұстазы – ата-анасы", "Отбасының сәні – сыйластық", "Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ", "Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз" деген мақалдың өзі соның айғағы.